Олимпиада қарсаңында қоқыс мәселесі өзекті болып бара жатыр

Жазғы Олимпиада ойындары өткелі отырған Парижде қалдық жинау өткір мәселеге айналды.

Дүниежүзінен спортшылар, жанкүйерлер мен туристер жиналатын қалада қоқыс тазалаушылар қайта-қайта шеруге шығып, билікті әбден састырды. Ақыры Париж әкімдігі мен қалалық коммуналдық қызмет өкілдері бітімге келген. Олимпиада басталатын шілде мен қыркүйек айының 8-іне дейін қоқыс тазалаушыларға айына 50 еуро жәрдемақы және 600 еуродан 1900 еуроға дейін сыйақы төленетін болды. Төлемақы жұмыс көлеміне байланысты болмақ. Ал қоқыс тазалаушылар өз кезегінде шеруге шықпауға уәде берді.

Керкуди Карим, қоқыс тазалаушы:

- Биыл Париж үшін ерекше жыл болмақ. Өйткені мұнда Жазғы Олимпиада ойында өтеді. Шілде мен тамызда біздің қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен қарақұрым адам келеді. Олар жа жүрмей, қаланы ластайды. Сонда біздің қызметіміз басқа кезге қарағанда аса қажет болады. Сондықтан жалақымыз бен сыйақыны көтеру керек.

Қақтығыс жүріп жатқан Газа секторы таудай үйілген қоқыс алаңына айналды. Бұл елде қазір "Байтал түгіл - бас қайғы." Қалдық Израиль әскері мен ХАМАС арасындағы соғыс басталған 7 ай ішінде жиылмай жатыр. Қоқысқа үймелеген шыбын-шіркей тұрғындар арасында түрлі жұқпалы ауру таратып, санитарлық жағдай ушықты. "Гардиан" басылымы Газа секторында 37 миллион тонна қалдық жиналып қалғанын айтады. Ең қауіптісі, қалдықтың ішінде жарылмай қалған снарядтар көп. Мамандар барлық жарылғыш заттарды тазарту үшін бақандай 14 жыл қажет дейді. 

Абу Мохаммед, жергілікті тұрғын:

"Мына жерде өмір сүру тозақта тұрғанмен бірдей. Айналамыздың бәрі - қоқыс. Иісі қолқаны қабады. Өзіміз де, балалар да безгек, қышыма сияқты түрлі аурудан бас көтермейтін болдық. Бұған дейін көрінбеген сан алуан шыбын-шіркей шыға бастады. Халықаралық қауымдастық бізге шұғыл қол ұшын созуға тиіс. Әйтпесе тұншығып немесе індеттен қырыламыз."

Қоршаған ортаның таза болуында өсімдіктің үлесі зор. Бірақ ағаштанда пайдалы нәрселер бар екен. Аргентиналық ғалымдар фотобиореактор ойлап тапты. Олар ауадағы көмірқышқыл газын жойып, оның орнына оттегі бөлетін құрылғы жасап шығарған. Бұл үшін жергілікті кішкентай балдырлар пайдаланылады. Мамандар аталған фотобиореактор ағашқа қарағанда 15 есе тиімді дейді. Әзірге құрылғының 2 данасы әзірленген. Олар техникалық қызмет көрсету орталығы мен Буэнос-Айрестің іргесіндегі зауытқа орнатылды. Әр құрылғы жылына жарты метрикалық тонна көмірқышқыл газын тазарта алады. 

Мария Елена Онето, зерттеушілер тобының жетекшісі:

"Біз пайдаланып отырған шағын балдырлардың жер бетінде пайда болғанына шамамен 3 миллиард жыл өткен. Олар қазіргі біз білетін атмосфераны жасаған алғашқы оттегі фотосинтетикалық организмдер. Тіпті бүгінде олар біз тыныстайтын оттегінің 50 пайызын береді."

Қаладағы ауаның ластануы өте өзекті мәселе. Әлемде 2 миллиард 700 мың қала тұрғыны коммуналдық қызметтің игілігін көрмейді екен. Яғни олар тұратын жерлерде қалдық ешқашан жиналмайды. Мендегі ақпарат осымен тәмам. Сөз сіздерде, әріптестер. Жаңа жұмыс аптасы сәтті өтсін!