Якутияда он үш елді мекенді су басты
Якутияда 13 елді мекенді су басты.
Тасқын 350 үйді бұзып кеткен. Жергілікті биліктің хабарлауынша, аймақта өзендердегі мұз күрт ерігенге ұқсайды. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды шұғыл көшіріп жатыр. Уақытша паналау орталықтарына 200-ден астам адам орналасқан. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Якутия басшысы тасқыннан келген шығын көлемін қазірден есептеуге кірісті.
Тасқыннан көз жұмғандар саны артты
Ауғанстанда тасқыннан көз жұмғандар саны 68 адамға жетті. Орталықтағы Гор провинциясында ондаған гектар егіс алқабы су астында қалып, мыңдаған бас мал қырылды. Көптеген елдімекендерге жол жоқ. Билік өңірде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр. Мамандар жауын-шашын әлі жалғасуы мүмкін деп ескертті. Ауғанстанда мамырдың басынан бері 300-ден астам адам ажал құшып, 600 мыңнан аса тұрғын баспанасынан айырылған.