Оңтүстік Кореяда электромобильдердің саны 500 мыңнан асты
Оңтүстік Кореяда электромобильдердің рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Осы елде 500 мыңнан астам экологиялық таза көлік бар.
Дегенмен, қуаттайтын орындар әлі де жеткіліксіз. Оңтүстік Корея билігі бұл мәселені қалай шешпек? Сеулдегі меншікті тілшіміз Владислав Цойдан білейік.
- Владислав, Оңтүстік Кореяда электромобильдерге сұраныс қандай? Тұрғындарды электромобиль сатып алуға ынталандыру үшін Үкімет қандай да бір шара қабылдады ма? Электромобильдерден қандай да бір ақау анықталды ма?
Владислав Цой, тілші:
- Оңтүстіккореялықтар мұндай көліктерге үйреніп алған. Ресми деректерге сәйкес 2023 жылдың соңында Оңтүстік Кореяда 543 900 электрмобиль тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 40%-ке артық. Электрмобильдерге арналған қуаттағыштардың саны 305 мыңға жетті. Бірақ олардың көбі ірі қалаларда орналасқан. Ауылдарда қуаттау құрылғылары жеткіліксіз. Оңтүстік Корея үкіметі бұл мәселені шешуге тырысуда. 2027 жылға қарай олар қосымша миллион 230 мыңнан астам электр станциясын орнатуды көздеп отыр. Сонымен қатар Оңтүстік Корея заңы бойынша жаңа көпқабатты үйлердегі автотұрақтардың 50%-і электрмобильдерге арналған болуы керек.
Жүргізуші:
- Үкімет электромобиль сатып алуды қалай да ынталандыра ма?
Владислав Цой, тілші:
- Иә, жергілікті тұрғындар электрмобиль сатып алған кезде мемлекеттен 7,5 мың доллардан асатын субсидия ала алады. Көлік салығы төмен. Сонымен қатар электрмобильдер үшін тұрақ ақысы аз, ал ақылы жолдармен жүргенде мұндай көліктің иесі 50% жеңілдік алады. 2035 жылдан бастап Оңтүстік Корея іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді тіркеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Ал ірі жергілікті автоөндірушілердің бірі 2040 жылдан бастап бензин мен дизельді қозғалтқыштары бар модельдерді сатуды тоқтатады.
Жүргізуші:
- Электрмобильдердің кемшіліктері бар ма?
Владислав Цой, тілші:
- Иә. Кейбір адамдар өрт шығу қаупіне байланысты электр көлігін сатып алудан бас тартады. 300 мың электр көліктің арасында 60-ы ғана өрт тіркелді. Бірақ бірнеше апат көлік жүргізу кезінде емес, электрмобильдерді қуаттау кезінде немесе олар тұрақта тұрғанда болған. Мұндай өртті сөндіру қиын және өрт қасында тұрған машиналарға оңай таралады. Сонымен қатар электр көліктерін қуаттау уақыты бірнеше сағатқа жетуі мүмкін. Ал суық мезгілде мұндай көліктердің аккумуляторы тез таусылады.