Мексикада ежелден келе жатқан тоған тартылып барады

Мексикада Сочимилько тоғаны тартылып жатыр. Бұл адамзат үшін үлкен шығын.

Өйткені Сочимилько - ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген дүние жүзіне әйгілі ежелгі тоған. Оның тарихи өте терең - біздің заманымызға дейінгі 600-900 жылдардан бастау алады. Игілігін байырғы ацтектерден бастап қазіргі тұрғындарға дейін көріп келген еді. Тартылуға құрғақшылық себеп. Бұл жер бір жағынан әлемдік туризм орталығы.

Хуан Гонсалес, мұрап:

"Бұл тоғандар - бір жағынан үлкен су арнасы. Олар арқылы біз тауарлар таситынбыз. Өте тиімді әрі аса арзанға түсетін. Өкінішке қарай, осындай таңғажайып тоғандардар айырылып жатырмыз."

Үндістанда ауызсу тапшы. Басқа өңірді айтпағанда, ел астанасы Нью-Дели тұрғындары тіршілік нәрін таппай, сандалып жүр. Су дағдарысының қалыптасуына аптап ыстық себеп. Метеорологтардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы уақытта температура бағаны 50 градусқа жуықтайды деп ескертеді. Қуаңшылық салдарынан құдықтар мен су қоймалары суалған. Осы аптада билік Нью-Делиде су тапшылығына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары - қызыл деңгейін жариялады. Елде қазір парламент сайлауы өтіп жатыр.

"Таза су ішпек түгілі, жуынатын су жоқ. Қаңсырап өлетін болдық. Үкіметтен еш қайыр болмай тұр. Барлық шенеуніктер сайлау деп шапқылап жүр. Халықтың мұң-мұқтажы ұмытылды."

әлемдегі ең бай адамдардың бірі - Илон Маск "Су тапшылығын оп-оңай шешуге болады дейді. Ол бұл ойын Индонезияның Бали аралдарында өтіп жатқан Дүниежүзілік су форумында айтты. 3 жылда бір рет болатын бұл жиын 25-мамырға дейін жалғаспақ. Илон Маск су тапшылығын шешу үшін технологияларды дұрыс пайдалана білуіміз керек дейді.

Илон Маск, миллиардер:

"Жер шарының 70 пайызы судан тұрады. Тек 30 пайызы ғана құрлық. Егер жат планеталықтар осында келсе, олар бізді бірден "су" деп атар еді. Сондықтан бұл тапшылықты шешу оп-оңай. Өйткені жер бетінде өте көп. Бәрі технологияны пайдалануға қатысты. Суды молайту және тұшыту үшін электр қуаты қажет. Біз әлі күнге дейін күн энергиясын дұрыс пайдалана алмай жүрміз. Сахара шөлінің азғантай ғана бөлігі Еуроаны, тіпті бүкіл әлемді электр қуатымен қамтамасыз етуге былай жетеді." 

Оның үстіне күн энергиясының және оны сақтайтын аккумуляторлар бағасы кейінгі 5 жылда 5 есе арзандады дейді Илон Маск. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жердегі судың 2 жарым пайызы ғана тұщы. Сондай-ақ тұщы судың тапшылық деңгейі 2050 жылға қарай 40 пайызға артады деген болжам тағы бар.