Еуропадағы үш ел Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

Еуропадағы үш ел Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

Норвегия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми мойындады.

Шешім 28 мамырда күшіне енеді. Ирландия мен Испания да осындай қарар қабылдады. Ресми ақпарат бойынша бұл қадам қақтығысушы тараптардың пайдасына емес, бейбіт тұрғындардың қамы үшін жасалып отыр. Испания премьер-министрі Педро Санчес Парламентте жасаған ресми мәлімдемесінде "үш елдің шешімі Газадағы атысты тоқтатуға септігін тигізер деген үміттемін" деп айтты. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 елдің, 143-і Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таниды.