Францияда ядролық оқтұмсық алып ұшатын зымыран сыналды

Франция алғаш рет ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Себастьен Лекорню әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 24KZ.

Сондай-ақ ол Францияның жуық арада әскери бюджетінің 13%-ін ядролық күштерді дамытуға жұмсайтынын атап өтті. Министрдің сөзінше, зымыранның ұшу қашықтығы шамамен 500 шақырымға жетеді.