БҰҰ Рафахқа гуманитарлық көмекті тоқтатты
Біріккен ұлттар ұйымы Газа секторындағы Рафах қаласында гуманитарлық көмек көрсетуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған әскери қимылдар себеп. Израиль күштерінің үздіксіз шабуылынан шаһарда ахуал шиеленісіп кеткен. Осыған байланысты ұйым қызметкерлердің өміріне алаңдап, ондағы жұмысты уақытша тоқтатуды шешкен. Әрі Израиль жүк көліктері кіретін барлық пункттерді жауып тастаған. Рафахқа соңғы рет көмек осыдан 10 күн бұрын кіргізілген болатын.