Viva Tech: Парижде жасанды интеллект инновациялары ұсынылды

Viva Tech: Парижде жасанды интеллект инновациялары ұсынылды

Франция астанасы Париждегі Viva Tech көрмесінде жасанды интеллект саласындағы ең ауқымды әрі заманауи инновациялық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Шарада адам терісін айна-қатесіз көшіретін биожасушадан бастап, протез қолдарға дейін көпшілікке ұсынылды.

Әйгілі L'Oréal француз компаниясы жасап шығарған биопринт технологиясы арнайы машина арқылы адам терісін өңдеп береді. Ал туабітті мүгедек әрі аяқ-қолынан айырылғандар үшін ұсынылатын протезді Украина ғалымдары ойлап тапқан. Стартап-жоба қазірдің өзінде қақтығыстан жараланған сарбаздар үшін кәдеге жарап тұр. Viva Tech халықаралық көрмесі Парижде биыл сегізінші рет өтіп жатыр. Оған қатысу үшін жүзден астам елден 3500 экспонент тіркелген.