Димаштың концерті. Тікелей эфир

Бүгін қазақтың біртуар ұлы Димаш Құдайберген 30 жасқа толып отыр.

Керемет дауысымен әлем халықтарының жүрегін жаулаған өнер иесі мерейлі туған күнін Жерорта теңізі жағалауында тойлап, Ыстамбұлда концерт бермек. Димаштың жанкүйерлері асыға күткен концерт басталды ма?

Ыстамбұлда сағат кешкі 9. Кезінде үш императорлықтың астанасы болған Ыстамбұлда бүгін қазақтың дүбірлі тойы. Димаш Құдайберген ордалы 30 жасын тойлап,  әйгілі Бешикташ стадионында концерт беріп жатыр. Бұл сахнада өнер көрсету, нақтырақ айтсақ жеке концертін беру оңай емес. Мұнда әйгілі Майкл Джексон, Мадонна, Шакира мен Рианна секілді жұлдыздарды концерті ұйымдастырылған. Футбол бойынша әлемдік жекпе-жектер тап осы жерде өтеді. Мұнда кірудің өзі оңай болған жоқ. Қауіпсіздік жоғарғы деңгейде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараға шамамен 5 кісі жұмылдырылған. Стадион шамамен 42 мың орындық. Адамдар әлі де жиналып жатыр. 20 миллиондық мегаполистегі кептеліс пен аптанығ жұма кнні екенін ескерсек, мұны қалыпты жағдай деп айтуға болады. Ұйымдастырушылар Димаш бұл жолы да көрерменді түрлі шоулармен таңқалдырады деп отыр. Жерорта сахнасында қазақтың қоңыр үнді домбырасы күмбірлейді. Бүгін Димашты  түріктің әйгілі Халүк Левент және Бурак Йетер арнайы құттықтап келіпті. Айтпақшы, Димаштың жанкүйерлері әбден дайындалған. Үстімдегі дейді, төс белгілер, иіс су, түрлі тәттілер әзірлеген. Бәрінің де аиауы Димашпен байланысты. Сондай-ақ жанкүйерлер Қазақстан мен Түркиядағы екі үкіметтік емес ұйымға қайырымдылық жасамақшы екер. Бұл да олардың Димашқа деген тартуы болмақ.