Үндістанда ойын-сауық орталығы өртеніп, 27 адам мерт болды
Үндістанның Раджкот қаласында ойын-сауық орталығы өртеніп, 27 адам опат болды, деп хабарлайды 24KZ.
Марқұмдардың көбі бала. Тағы бірнеше жеткіншек жоғалып кетті. Өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан шыққан деген болжам бар. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы оқиға кезінде ғимарат ішінде 300-дей адам болған көрінеді. Билік құрбандардың саны артуы мүмкін дейді.
Раджу Бхаргава, жергілікті полиция комиссары:
- Осы уақытқа дейін 20-дан аса мәйіт табылды. Олардың кім екенін әзірге анықтау мүмкін болмай тұр. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал осы елдің астанасы Нью-Делиде емдеу орны өртеніп, 7 сәби көз жұмды. Тағы бірнеше бала құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Мекеме басшысы оқиғадан соң қашып кеткен. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.