Әлемдегі ең қауіпті турбулентті аймақтар қандай?

Жаз да келіп қалды. Енді демалыс, саяхат көбейеді. Алайда сақ болғаныңыз жөн. Күннің қолайсыздығынан қазір көптеген елдерде әуе рейсі тоқтап, апаттық жағдайлар болып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Статистикаға сүйенсек, кейінгі 40 жылда турбуленттілік деңгейі қолайсыз күн райының салдарынан 55%-ке өскен.

Тақауда ғана Лондон мен Сингапур арасында ұшақ турбулентті аймаққа түсіп, британдық азамат көз жұмды. 31 жолаушы ауыр жарақат алған. Жалпы осындай жағдай былтыр жыл соңынан бері 68 рет болған. 

«Өкінішке қарай, мұндай жағдайларды заман озып, технология қанша дамығанымен, алдын ала болжау қиын дейді», - сарапшылар.

Әуе фобиясы барларға бұл мәлімет ұнай қоймауы мүмкін. Халықаралық турбуленттілік деңгейін бақылап отыратын «Турбли» мамандары ең турбулентті аймақтарды анықтау мақсатында 150 мың әуе рейстің ұшу-қону бағытын бақылап, зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Оңтүстік Америка, әсіресе, Чилидің Сантьяго қаласынан Боливиядағы Виру-Виру халықаралық әуежайына қону қауіпті екенін анықталды. Сондай-ақ өзіміздің Алматы мен Қырғызстан астанасы Бішкек бағытындағы әуе рейсі «Турблидің» бақылауынша, екінші орында. Сондай-ақ ең турбулентті 6 рейстің ішінде Жапония мен Қытайдағы ішкі бағыттар бар.

Джеффри Томас, Airlinerating бас редакторы:

- Климат өзгерген сайын турбуленттілік жиілеп барады. Ұлыбританиядағы университеттік зерттеу кейінгі 40 жылда күшті турбуленттілік 55%-ке, орташа турбуленттілік 37%-ке, және жеңіл турбуленттілік 17%-ке өскенін көрсетті. Сондықтан ауа райы өзгерген сайын, ол барған сайын дүрбелеңге түсетіні сөзсіз. Сондай-ақ кейінгі 20 жыл ішінде ұшақтар MultiScan деп аталатын әлдеқайда күрделі радармен жабдықталды. Ауа райын алдын ала болжап, мәлімет бере алады.

 

Турбуленттік климат өзгерісімен байланысты

АҚШ-та жыл сайын 65000 ұшақ орташа, 5500-ге жуығы ауыр турбуленттік жағдайға тап болады. Алайда, бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Мұны сарапшылар климат өзгерісімен байланыстырады. Өйткені АҚШ штаттарында жылына бірнеше рет алапат құйын тұрып, найзағай ойнайды. АҚШ-та бұл салаға жыл сайын 150-500 миллион АҚШ доллары жұмсалады. Мамандардың айтуынша, турбуленттілікке жұмсалған әр минут ұшақтың тозуын, сондай-ақ жолаушылар мен бортсеріктердің жарақат алу қаупін арттырады.

Ларри Корнман, АҚШ Ұлттық атмосфераны зерттеу орталығының ғылыми қызметкері:

- Климаттың өзгеруі ауаның айқын турбуленттілігін жиірек етеді. Қарапайым тілмен айтқанда климаттың өзгеруі атмосфераның жоғарғы қабатында реактивті ағын қалыптастыру үшін соқтығысатын жылы және суық ауа массалары арасындағы температура айырмашылығының артуына әкеледі.

 

Ұшақтар құс жолына түсе ме?

Адамзат о баста ұшақты құсқа қарап жасады. Метеорологтар қазір компьютерлік модельдеу арқылы турбуленттілікті болжаудың тиімді әдістерін табумен бас қатырып әлек. Ақыры ойлана келе, құстарға тоқталды. Зерттеулер құстардың қозғалысы жоғары жылу ағындарының күшін желдің бағыты мен жылдамдығын анықтауға көмектесетінін көрсетті. Мәселен, Фрегат құсы. Олар бірнеше ай бойы ауада қалу үшін жылу ағындары мен желге сүйенеді және жерден 13 мың фут биіктікте ұшады. Британдық Суонси университетінің зерттеушілерінің дерегі бойынша құстар ұшу жолында кездесетін турбуленттілік туралы деректерді үнемі жинап, қозғалыста метеорологиялық датчиктер ретінде әрекет ете алады.

Деректер еркін құстардың арасында тіркелген ең төменгі ұшу деңгейін көрсетті. Бір құс тіпті бес сағаттан астам ауада қалып, 170 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, бірде-бір серпіліс жасамады. Бұл зерттеу қалқымалы құстардың жылу ағындарын қалай пайдаланатыны туралы түсінік береді және бұл білімді автономды ұшақтарды бағдарламалауда пайдалануға болады.

Эмили Шепард, Суонси университетінің ғылыми зерттеушісі:

- Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Қауіпсіздік белдігіңізді мықтап бекітіңіз және күн райынан әркез хабардар болып отырғаныңыз жөн!

Сингапурда ұшақтағы жолаушылардың 40%-і қауіпсіздік белдігін тақпаған көрінеді. Сол себепті ауыр жарақат алғандары көп болған.

- Сондай-ақ сөз басында, айтып кеттіңіз, біздің Алматы мен Бішкек арасындағы рейстер қауіпті деп. Сонда бұл немен байланысты? 

- Географиялық тұрғыдан бұл екі қала да таулы аймақтарда орналасқан. Сонысымен қауіпті. Өйткені тауда ауа температурасы ұдайы өзгеріп отырады. Қаланың өзінде күн шығып тұрғанымен, аяқ асты тұман басып, бұршақ жауып кетуі ғажап емес.