БҰҰ: Газаға көмек 67%-ке қысқарды
Қақтығыс басталған 7 мамырдан бері Газаға гуманитарлық көмек 67%-ке қысқарды, деп хабарлайды 24kz.
Біріккен ұлттар ұйымының хабарлауынша, бұған аса маңызды «Рафах» шекара бекетінің жабылуы, басқа қауіпсіздік жолдардың болмауы және инфрақұрылымның қирауы себеп. Бұдан бөлек, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы медицина мекемелерінің жұмысын біржола тоқтатты. Қазір әупірімдеп бір ғана аурухана жұмыс істеп тұр. Израиль әскері Мысырмен шекара бойындағы барлық жолды басып алғанын мәлімдеген. Қақтығыс басталғалы Рафахтан 1 миллионға жуық адам көшіп кетті.