Қытайда аптап ыстық басталды
Қытайда аптап ыстық маусымы басталды. Елдің кейбір аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асты.
Әсіресе Хэбей мен Хэнань провинцияларында жағдай күрделі. Күннің ысығаны соншалық жергілікті жұрт сыртқа шығудан қалды. Ел билігі аймақтарда қауіптің қызғылт деңгейін жариялады. Ыстықтан қорғану үшін көшелерге жүздеген желдеткіштер қойылып, жаппай су бүріккіш қондырғылар орнатылып жатыр. Ал Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығының хабарлауынша, алдағы 2 күнде Бейжің, Тяньцзинь, Аньхой, Гуаньсу, Ішкі Моңғолия және Шыңжаңда аптап тұруы мүмкін.
Сяо Яо, Хэнань метеорологиялық орталығының бас сарапшысы:
- Бұл жолғы ыстық ұзақ уақытқа созылады. Ең қауіптісі, радиациялық зияны болайын деп тұр. Бұл күндері ыстық ерекше сезіледі. Ауа құрамы құрғап денсаулыққа кері әсер етеді. Тұрғындарды жолға шыққанда аса сақ болуға шақырамыз. Кейбір аймақтарда ауа температурасы 60 градусқа дейін көтеріледі.