Италияда G7 саммиті өтіп жатыр

Тақыланатын басты тақырыптар – әлемдегі геосаяси ахуал, Африка елдерінің дамуы, көші-қон мәселесі, энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі мен жасанды интеллект.

Үлкен жетілік елдеріне Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Канада мен Жапония кіреді. Алқалы жиынға осы мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшылары қатысып жатыр. Саммитке сондай-ақ Еурокомиссия мен Еурокеңес төрағалары шақырылған. Үлкен жетілік тарихында алғаш рет жиынға Рим Папасы да қатысады. Ол жасанды интеллектіге арналған сессияда сөз сөйлейді деп күтіліп отыр. Ал саммит 15 маусымға дейін жалғасады.