Қытай пилоттың басқаруынсыз ұшатын көлік шығарды

Қытай өнертапқыштары ұшқышсыз көлік құрастырып шығарды.

Воя-джэр Икс2 ((Voyager X2)) деп аталатын инновация 2 адамға лайықталып жасалған. Сағатына 130 шақырым жер жүре алады. Экологиялық тұрғыдан таза, ұшу кезінде ауаны көмірқышқыл газымен ластамайды. Автоматты түрде немесе адамның басқаруымен жұмыс істейді. Сынақ кезінде ұшқышсыз электромобиль Бейжіңнен 60 шақырымдай жерде орналасқан Ланфан қаласына 25 минут ішінде ұшып барды. Келешекте дәл осы типтес ұшатын көліктер қолданысқа енуі мүмкін дейді сарапшылар.