Нью-Йорк штатында әлеуметтік желіні пайдалану ережелері бекітілді

Нью-Йорк штаты әлеуметтік желіні бақылауға алды. Тиісті құжатқа аймақ губернаторы қол қойған, деп хабарлайды 24kz.

Мамандар бұл заңның, әсіресе, жасөспірімдер үшін пайдасы көп дейді. Бұдан былай веб-сайттарға жасы 18-ге толмаған жеткіншектер туралы олардың келісімінсіз жеке мәліметін жинауға, сондай-ақ ұялы қосымшаларға түнгі уақытта хабарламалар жолдауға шектеу қойылды. Нью-Йорк – әлеуметтік желі алгоритмдерін реттейтін ереже енгізген алғашқы штат.