Оңтүстік Кореяда алапат тасқын жүрді
Оңтүстік Кореяның Кёнгидо провинциясында тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан алапат тасқын жүрді, деп хабарлайды 24KZ.
Әсіресе Пхаджу қаласы қатты зардап шекті. Айналдырған 1 сағаттың ішінде көшелер көлге айналып, ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалды. Көлік қозғалысы тоқтады. Осы уақытқа дейін 600-ден астам адамның қауіпсіз жерге көшірілгені белгілі. Билік өкілдері 50 елді мекенде лай көшкіні жүру қаупі барын ескертіп, тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырып жатыр.
Естеріңізде болса, бұған дейін Кунсан қаласында тосыннан тасқын жүріп, 5 адам опат болған еді.