Олимпиадада спортшыларға берілген төсекорын кейін үйсіздерге үлестіріледі

Париж Олимпиадасында спортшылар берілген төсекорын байрақты бәсеке аяқталғаннан кейін үйсіздерге үлестіріледі.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің тұрақты даму жөніндегі директоры Мари Барсак мәлімдеді. Өз кезегінде Париж билігі Олимпиада қарсаңында үй-күйі жоқтарды Парижден тыс жерге шығару шарасын күшейтіп жатыр. Осы уақытқа дейін 12,5 мың адам қаладан әкетілген.