Тәліптер Ауғанстанның 14 дипмиссиясын мойындамайды
Тәліптер Ауғанстанның шетелдегі 14 дипломатиялық миссиясын мойындамайтынын жеткізді.
Әңгіме Еуропаның бірнеше мемлекеті, Канада және Австралиядағы елшіліктер мен консулдықтар жайлы. Енді олардың берген визалары мен төлқұжаттары ауған елінде мойындалмайды. Тәліптер консулдық қызмет алу үшін өзге мемлекеттердегі өкілдіктерге жүгінуге кеңес беріп отыр. Айтуларынша, "қара тізімге" кірген миссиялар ауған елінің билігімен келіспей, өз бетінше әрекет еткен. Сондықтан тиісті шешім қабылдадық дейді. Бірақ сарапшылар тәліптер осылайша шетелдегі өкілдіктерін өз бақылауына алғысы келіп отырғанын айтады. Себебі көбінде бұрынғы билік тұсында тағайындалған дипломаттар жұмыс істейді.