Бразилияда ұшақ апатынан қаза тапқан 62 адамның мәйіті табылды
Бразилияның Сан-Паулу штатында ұшақ апатынан қаза тапқан құрбандардың мәйіті табылды.
Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Олардың сөзінше, 62 адамның мүрдесі полиция мәйітханасына жеткізілген. Қазір оларды анықтау үшін медициналық сараптама жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге мамандар капитан мен көмекшісінің мәйітін таныды. Қалған құрбандарды анықтауға отбасы мүшелері көмекке келді. Билік оларды жақын маңдағы қонақ үйге орналастырған. Апат себебін зерттеу үшін тергеу басталды.