Израиль АҚШ-тың Газадағы атысты тоқтату ұсынысын қабылдады

Израиль АҚШ-тың Газа секторындағы атысты тоқтатуға қатысты жаңа ұсынысын қабыл алды.

Бұл туралы Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы мәлімдеді. Энтони Блинкеннің айтуынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяху американың бастамасын қолдауға дайын. Енді оны ХАМАС қабылдауы қажет. Осыдан кейін тараптар Қатар, Египет және АҚШ-тың арағайындығымен бітімге келу процесін аяқтайды.

Айта кетейік, қақтығысты тоқтату туралы келіссөздердің келесі раунды апта соңына дейін Египетте жоспарланып отыр.