Сингапурда алтын қоймасы ашылды
Онда капитал иелері өзінің бағалы металдарын сақтай алады, деп хабарлайды 24kz.
Бір қызығы, қойма ашыла салысымен жұмыс қызған. Қойма иелері енді оны кеңейту туралы ойлана бастаған. Негізі ғимараттың ауданы кішкентай емес. 17 мың шаршы метрге жуықтайды. 6 қабаттан тұрады. Мұнда негізінен алтын мен күміс сақталады. Биыл алтынға сұраныс анағұрлым артты. Содан бағасы да өскен. Жақында бір унциясының құны 2500 доллардан асып кетті. Күміс те жыл басынан бері 20%-ке қымбаттады. Сарапшылар бұған әлемдегі геосаяси ахуал, экономикалық турбуленттік және еуро мен доллардың әлсіреуі себеп дейді. Содан ауқатты адамдар бағалы металдар сатып алып, жиған-тергенін сенімді қолда сақтауға көшкен.