Ирак Ливанға гуманитарлық көмек жөнелтті

Ирак билігі Ливанға пейджерлер жарылысынан кейін әуе жолы арқылы гуманитарлық көмек жеткізді.

Жүк 15 тонна медициналық препарат, құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрі хабарлады. Оның сөзінше, Мысыр, Иордания, Түркия арқылы аймаққа көмек жеткізу бойынша байланыс орнатылды. Қазір елде ем шараларына қажетті дәрі-дәрмек тапшы. Тәулік ішінде жарылыстан зардап шеккен 460 тұрғынға ота жасалған. Қазір мыңдаған кісі медициналық көмекке мұқтаж.