«Хезболла» Израильге екінші рет шабуыл жасады

Ливандағы «Хезболла» қозғалысы Израильге екінші рет шабуыл жасады.

Бұл жолы Рамат-Давид әуе базасын зымыранмен атқылаған. Бұл туралы «Хезболла» Telegram әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Әскери-саяси ұйым 80 және 105 шақырымға жететін «Фади-1» және «Фади-2» зымырандарын қолданған. Бірінші соққыда 10 снаряд атылды. Оның көбін Израильдің әуе соққысына қарсы қорғаныс жүйесі қағып түсірген. Осының алдында Израиль «Хезболланың» Ливандағы 290 нысанын бомбалағанын айтты.