402 мың адам Ливаннан Сирияға қашты
Бұл – кейінгі 2 аптадағы көрсеткіш. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі Gulf Today порталы хабарлады.
Адамдар Израиль әскерінің әуе шабуылынан бас сауғалауға мәжбүр. Ливан мен Сирия шекарасына Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Гранди барды. Израиль билігі ливандықтарға аймақтағы қарулы қақтығыс аяқталғанша үйіне оралмауды ескерткен.