Иран Ливанға 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті
Бұл туралы Қызыл жарты ай ұйымы мәлімдеді.
Бұл Ливанға Ираннан жеткен көмектің төртінші легі. Жүкте тек дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бар. Әсіресе балалардың ем-домына қажетті заттар тиелген. Қызыл жарты ай ұйымы, көмек көлемін ұлғайту үшін Ливан мен Сирия шекарасынан дала госпиталін ашуды жоспарлап отыр. Бұл орын Израиль бақылап отырған аумақтан 40 шақырым қашықтықта орналасАды. Көп ұзамай бұл жерге ұйымның 11 қызметкері келуге тиіс.