Израиль Газа секторына 50 гуманитарлық жүк көлігін өткізуге рұқсат берді

Израиль әскері Газа секторының солтүстігіне гуманитарлық көмек тиеген 50 көлікті өткізуге рұқсат бергенін мәлімдеді.

Еврей үкіметі Эрез шекара бекетінде арнаулы баспасөз турын ұйымдастырған, деп хабарлайды 24kz.

Гуманитарлық жәрдемді Иордания жіберді. Осының алдында Біріккен ұлттар ұйымы мен АҚШ Израиль үкіметінен гуманитарлық көмекті Газа аумағына өткізуге мүмкіндік жасауды талап еткен болатын.