АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Израильге барды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге барды, деп хабарлайды 24kz.
Америкалық дипломат Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, президент Ицхак Герцог, сондай-ақ Қорғаныс министрі Йоав Галантпен кездескен. Олар Газа секторында оқ атуды тоқтату, тұтқындарды босату және Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығысты бейбіт реттеу мәселелерін талқылады. Блинкеннің сапары алдында Тель-Авивте әуе дабылы қосылған. Мемлекеттік хатшы әрі қарай Қатар мен Иорданияға аттанады. Саясаткердің Таяу Шығыстағы сапары 25 қазанға дейін жалғасады.