БҰҰ: Газадағы қарулы қақтығыс анклавтың дамуын 70 жылға шегерді

REUTERS

Газадағы қарулы қақтығыс анклавтың дамуын 70 жылға тежеді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының баяндамасында айтылады. Сарапшылардың пікірінше, былтыр анклавтағы кедейлік деңгейінің күрт өскені сонша, 1955 жылғы көрсеткішке түскен.

Қазір Газадағы төрт адамның үшеуі кедейліктің кебін киген. Осы ретте Израиль әскерінің Газаға жіберіліп жатқан гуманитарлық көмекке тосқауыл қоюы жағдайды одан сайын ушықтыра түсті. Таяу Шығыстағы жағдай өткен жылдың 7 қазанында ушықты. Содан бері мыңдаған адам көз жұмып, жүздеген мың тұрғын босқынға айналды.