Абу-Дабиде «Кішкентай ханзада» ертегісінің қолжазбасы сатылады
Әлемге мәшһүр жазушы Антуан де Сент Экзюперидің «Кішкентай Хханзада» ертегісінің сирек қолжазбасы Абу-Дабиде бәссаудаға шығарылады. Құнды жәдігер 1 миллионан астам долларға бағаланып отыр. Онда автордың өз қолымен жазған түзету, ескертпелері де бар екен.
Guardian басылымы осында 3-ақ нұсқаның барын айтады. Осы шығармасында қаламгер: «Жүрекпен ғана анық көруге болады. Маңдайдағы көз көрмегенді көкірек көзі байқайды», – деген атақты нақылын жазған. Аукцион қараша айының аяғында өтпек.