Израиль Иранға әуеден соққы жасады

Израиль әскері өткен түнде Иранды бірнеше мәрте әуеден атқылап, қарымта соққыларын аяқтағанын хабарлады.

АҚШ және Израиль шенеуніктері үш рет соққы жасалғанын ресми растады. Біріншісі Иранның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне бағытталса, екінші және үшінші соққылар дрон мен зымыран өндірілетін базалар мен өндірістік нысандарға жасалды.

Израиль әскері: «Біз жоспарымызды орындадық, егер Иран тарапынан жауап болатын болса, міндетті түрде қарымта қайтарамыз», - деп мәлімдеді. Израиль Иранға жасалған шабуылға бір айға жуық уақыт дайындалды