Грузия президенті елде өткен сайлаудың нәтижесін мойындамады
Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент сайлауының нәтижесін заңсыз деп таныды.
"Дойче Велле" басылымының хабарлауынша, ол арнаулы брифиң өткізіп, онда "саяси доданың қорынды мәліметтері бұрмаланған" деп мәлімдеген. Естеріңізге сала кетейік, кеше өткен парламент сайлауында билік басындағы "Грузия арманы" 54 дауыс жинап, жеңіске жеткені хабарланған еді. Парламентке "Мықты Грузия " мен "Грузия үшін" партиялары өткен. Саяси додаға барлығы 18 партия, 3 жарым миллионнан астам сайлаушы және 1700 байқаушы қатысқан.