Қатар Израиль мен ХАМАС арасына бітімгер болудан бас тартты
Араб елінің Сыртқы істер министрлігі бейбіт бітімге келу жөніндегі келіссөздердің еш нәтиже бермегенін, тіпті түбегейлі тығырыққа тірелгенін айтады, деп хабарлайды 24kz.
Ресми Доха: «Араағайындықты «тараптар соғысты тоқтатуға шын ниетімен бел буғанда ғана жаңғыртуға болады», - дейді. Бұған дейін батыс басылымдары Қатар билігі ХАМАС-тың Дохадағы кеңсесін жабуға уәде берді деп жазған еді. Бірақ бұл ақпарат өтірік болып шықты. ХАМАС Қатар астанасындағы өкілдігін 2012 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обаманың өтініші бойынша ашқан.