ЮНИСЕФ: Ливанда қақтығыс басталғалы бері 200 бала қаза тапты

Таяу Шығыста Ливан мен Израиль арасындағы қақтығыс ушыққалы бері 200 бала көз жұмды

Бұл туралы ЮНИСЕФ балалар қорының жаңа мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлайды 24kz.

Кейінгі шабуыл салдарынан елдің солтүстігіндегі Альмат ауылына жасалған шабуыл кезінде 23 адам қаза тапса, оның жетеуі бала. Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қақтығыс аймағындағы балалар өзін қауіпсіз сезінуі үшін қажетті шаралар жасалуы тиіс. ЖалпыЛиван Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша былтыр қақтығыс ушыққалы бері елде 3 мыңнан астам адам көз жұмды.