Франция патшайымы Мари Антуанеттаның гауһар алқасы $4,8 млн-ға сатылды
Франция патшайымы Мари Антуанеттаның гауһар алқасы Женевадағы Сотбис бәссаудасында 4 млн 800 мың долларға сатылды, деп хабарлайды 24kz.
Асыл бұйымның салмағы – 300 карат. Аукцион ұйымдастырушыларының айтуынша, әшекей XVIII ғасырда Ұлы француз революциясы кезінде жасалған. Оған Франция патшайымы ешқашан иелік етпеген. Сол заманда графиня Жанна Ламотт патшайым атынан жасырын түрде оған тапсырыс берген деседі. Кейін Ламоттың өтірігі шығып, абақтыға қамалған. Бірақ қиын-қыстау кезеңде патшайымның қымбат әшекейге тапсырыс бергені туралы қауесеттер ел арасында кеңінен таралып кетеді. Аталған бұйымды кім сатып алғаны белгісіз.