Ұлыбританияда өндірушілер ұнға фолий қышқылын қосуға міндеттеледі

Ұлыбританияда өндіріс кезінде ұнға фолий қышқылын қосуға міндеттейтін жаңа ереже әзірленіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл дәруменді әсіресе, жүкті әйелдердің қабылдауы маңызды. Өйткені құрсақтағы баланың дұрыс дамуына септігін тигізеді.

«Сөйтіп, жаңа ереженің көмегімен жыл сайын жүздеген сәбидің туа біткен ауруларының алдын алауға болады», - дейді мамандар. Өндірушілердің барлығы 2026 жылдың соңына дейін жаңа стандартқа көшуі тиіс. Дегенмен, шағын диірмендер талаптан босатылады. Қазірдің өзінде Ұлыбританияда ұнға кальций, темір, ниацин және тиамин қосылады. Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ пен Канадада да ұн өндірушілері өнімге фолий қышқылын қосуға міндеттті.