Гондураста алапат дауылдан бір адам қаза тапты
Гондурастың солтүстігінде «Сара» дауылы соғып, 1 адам опат болды.
56 мыңға жуық тұрғын зардап шеккен. 146 елдімекен бүлініп, бірнеше көпір опырылып құлады. Тас жолдардың көбін су шайып кетті. Әсіресе Ла-Сейба қаласында жағдай қиын. Өзен арнасынан тасып, аймақты су басып жатыр. Жүздеген үй су астында қалған. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіп жатыр. Мамандардың айтуынша, алапат дауыл Мексикаға қарай жылжып барады. Ел билігі оңтүстік-шығыс аймақтың тұрғындарына шұғыл ескерту жариялады.