Суданда тырысқақтан 699 адам қайтыс болды
Суданда тырысқақтан 699 адам көз жұмды. Ауруды жұқтырғандар саны 24 мың 604-ке жеткен. Соңғы мәліметтерді елдің денсаулық министрлігі бөлісті. Індет Судандағы 18 штаттың 11-де таралған.
Жалпы тырысқақтың ушыққанына 18 айдан асты. Африкалық елде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жетіспейді. ЮНИСЕФ тырысқақ жұқтырғандар саны 3 миллион адамға жетеді деп қауіптеніп отыр. Оның үстіне бұл елде үкімет әскері билікке қарсы бас көтерген бүлікші топтармен соғысып жатыр. Қақтығыс салдарынан медицина мекемелірінң 70%-і жұмыс істемей тұр.
Имад әл-Дин Маки, босқын:
- Індетке байланысты елдегі жағдай өте жаман. Осы жерде 3 жуынатын жерді 300-ден астам пайдаланып жүр. Ауру таралмағанда қайтеді?!