Ақмоланың Сабынды ауылында газ баллоны жарылып, үш адам көз жұмды
Өткен түнде Ақмола облысы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты.
Үйінді астынан ер адам, әйел және 12 жастағы баланың денесі табылды. Қайғылы жағдайдан 16 адам зардап шеккен, олар дереу Астана қалалық ауруханасына жеткізілген. Құтқарушылар қиранды арасынан 6 газ баллонын шығарған. Оқиға орнында 30 құтқарушы, 5 техника, психологтар мен кинологтар жұмыс істеп жатыр. Жарылыс себебін анықтау үшін Ақмола облысы мен Астана қаласының сынақ зертханасы тартылды. Ақмола облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды.