Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті
Израиль Бейрутты бомбалап, құрбандар қатары 5 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 24 кісі зардап шеккен. Атқылау салдарынан БҰҰ штаб-пәтері, Ливан парламенті мен премьер-министрдің кеңсесі жақын орналасқан тұрғын үй соққыға ұшыраған. Израиль қорғаныс күші мұны «Хезболланың» солтүстік және орталық Израильді атқылауына қарсы қарымтаны қайтару операциясы деп түсіндірді. Олардың айтуынша, «Хезболла» қозғалысы Израильді 100-ден астам зымыранмен атқылаған. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қақтығыстан 3500-ден астам ливандық қаза тапты. Тағы 15 мыңдай кісі зардап шеккен.