Израиль Газа секторын әуеден атқылап, 8 адам мерт болды
Израиль Газа секторының оңтүстігін әуеден атқылап, 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.
Құрбандардың екеуі – бала. ХАМАС ұйымы қорғаныс күштерінің мәліметіне сәйкес, соққы Хан-Юнис қаласында босқындар қоныстанған уақытша лагерьге жасалған. Израиль әскері бейбіт тұрғындардың өліміне ХАМАС қозғалысын кінәлады. Олардың айтуынша, ұйым әскері жергілікті халық арасында жасырынып отыр. Былтырғы қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан 43 мың 800-ден астам палестиналық қаза тапты.