Ливан АҚШ-тың Израильмен бітімге келу ұсынысына келісті
Ливан мен «Хезболла» қозғалысы Израильмен бітімге келу туралы АҚШ-тың ұсынысына келісті.
Ливан Парламентінің өкілі Әли Хасан Халил «Рейтер» агенттігіне осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, ұйым БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын толық сақтап, қақтығысты тоқтатуға келісім берді. Бірақ бастаманың қаншалықты сәтті жүзеге асатыны Израильге байланысты.
«Тиісті келіссөз жүргізілсе де, Израиль атысты тоқтатпауы мүмкін», - дейді ол. Израиль бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ кейінгі бірнеше күнде Бейрут пен оның маңындағы бірнеше ауданды бомбалауды күшейтті. Бітім келісімі 15 желтоқсанға дейін күшіне енуі мүмкін.