Газа секторында Израиль әскерінің шабуылынан 19 адам қаза тапты
Израиль әскерінің әуе соққыларынан Газа секторында өткен тәулікте 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың үшеуі бала. Бұдан бөлек, 40 адам жарақат алып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, шабуыл Рафах пен Хан Юнис қалаларындағы босқындар лагерлеріне жасалған. Өз кезегінде Израиль әскері дәл сол жерлерде ХАМАС тобының өкілдері жасырынып жүргенін мәлімдеді.
Айта кетейік, анклавтың Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша кейінгі бір жылда Израиль шабуылдарынан Газа секторында 44 мыңнан аса адам көз жұмған. Жартысынан көбі әйелдер мен балалар.