Пәкістанда содырлар 18 адамды атып тастады

Пәкістанның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 18 адам қаза тапты. Тағы 30 адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түсті. Қаруланған бір топ адам Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы елді мекендердің біріне басып кіріп тұрғындарға оқ жаудырған. Кейін жанармай құю бекеттерін өртеп, тұрғын үйлерді қиратқан. Әзірге шабуылды нақты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Ешбір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

 Бұған дейін дәл осы аймақта белгісіз біреулер көлік колоннасына оқ жаудырған еді. Сол кезде 38 адам қаза тапқан болатын.