Пусанда жүздеген экобелсенді шеруге шықты

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жүздеген экобелсенді ауқымды наразылық акциясын ұйымдастырды. Олардың арасында Гринпис, Break Free from Plastic қозғалысы мен басқа да ұйым өкілдері бар. Бәрінің талабы бір – қоршаған ортаны пластик қалдықтардан қорғау шараларын барынша күшейту.

Наразылық акциясы БҰҰ-ның пластик туралы жаһандық келісіміне арналған бесінші келіссөздер кезеңі қарсаңында өтті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметі бойынша әлемдегі пластик қалдықтар көлемі 20 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Солардың тек 9%-і ғана қайта өңделеді.