Иранның жоғарғы көсемі Израиль премьері қандай жазаға лайықты екенін айтты

Израиль премьер-министріне қамауға алу туралы ордердің берілуі жеткіліксіз.

Оған өлім жазасын тағайындау керек! Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи осындай мәлімдеме жасады. Бірнеше күн бұрын Халықаралық қылмыстық сот Биньямин Нетаньяхуды қамауға алу туралы ордер берген еді. Премьермен қоса бұрынғы қорғаныс министріне қатысты да осындай шешім қабылданған. Екеуі Газа секторы мен Ливандағы әскери қылмыстар үшін айыпты деп танылды. Егер олар халықаралық қылмыстық сотты құру туралы Рим жарғысына қол қойған 124 мемлекеттің біріне барса, бірден қамауға алынуы тиіс.