ДДСҰ Газа секторындағы ауруханалар ахуалына алаңдаулы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Израиль жауынгерлерін Газа секторындағы медициналық мекемелерге шабуылдауды тоқтатуға шақырды.

Тедрос Гебрейесус аймақтың солтүстігіндегі "Камаль Адван" ауруханасындағы ахуалға алаңдайды. Мұнда еврей әскерінің соққысынан екі тәулік ішінде 14 адам жарақат алды. Арасында мекеме директоры мен дәрігерлер бар. Клиникада әлі 65 адам қалған. Біразы бала. Ауруханадағы медициналық жабдықтың бәрі бүлінген. Негізі атыс-шабыс салдарынан, қазір Газа секторының солтүстігінде 3 емхана ғана жұмысын жалғастырып жатыр. Шабуылға ұшыраған мекеме солардың бірі. Израиль әскері ХАМАС мүшелері нысанда жасырынып, аурухананы тұтқындағы адамдарды ұстау үшін қолданған деген уәж айтады.