Британияның Нортгемптон қаласын су басты

Толассыз жауыннан британиядағы Нортгемптон қаласында тасқын жүрді.

Көшелер көлге айналып, ондаған үй су астында қалды. Көлік қозғалысы тұралады. Ондаған әуе рейсі кейінге қалды. Тасқын қаупі туралы Англия мен Уэльсте 200-ден аса ескерту жасалған. Жергілікті метеорологиялық қызмет енді Шотландияның солтүстігінде екпінді жел соғатыны туралы хабар таратып отыр. Кеше ғана Уэльсте де тасқын жүрген еді. Оған Берт дауылынан кейінгі тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болды.