Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді

Страсбургте өткен дауыс беруде Еуропарламент депутаттарының көбі ұсынылған кандидатуралардың барлығын қолдаған, деп хабарлайды 24kz.

Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен орнын сақтап қалды. Ол жұмысының алғашқы 100 күнінде 7 жаңа бастаманы іске асыратынын жеткізді. Әсіресе, қорғаныс саласына көп қаржы бөлуге уәде берді. Еуроодаққа мүше 27 мемлекет Еурокомиссияға бір комиссардан ұсынады. Олар 5 жыл мерзімге тағайындалады. Енді Еурокомиссияның жаңа құрамы 1 желтоқсанда өз міндеттерін орындауға кірісуі тиіс.