Ливанда кейінгі бір күнде ешқандай қақтығыс болған жоқ

Ливанда кейінгі 1 күнде ешқандай қақтығыс болған жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Израиль мен «Хезболла» АҚШ ұсынып, тараптар бекіткен бейбіт бітім талаптарын әзірге ұстанып отыр. Аталған келісім бойынша алдағы 60 күннің ішінде Израиль әскерін Ливан жерінен алып кетеді, «Хезболла» мүшелері де шартты шекара аумағын босатады. Бұл жерге Ливан сарбаздары мен Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлерінен тұратын 10 мың әскер орналасады. Қазір қақтығыс салдарын жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.